Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
Фильтр
Автор(ы):
  
КЛИНИЧЕСКИЕ ПРОЯВЛЕНИЯ ХЛАМИДИЙНОЙ ИНФЕКЦИИ У ЖЕНЩИН
Хламидиоз – жыныстық жолмен таралатын жұқпалардың ең таралған дерт. Әлемде жыл сайын 90 млн. адам хламидиоз ауруына шалдығады. Жыныс жолдардың төменгі бөліктерінің барлық қынап қабыну жұқпалары оның үлесінің ½ келеді. Хламидиялық жұқпа процесінің клиникалық бейнесі жасырын ағыммен және белгілерінің аз болуымен сипатталады. Бірегей циклі дамуының және жасуша ішіндегі паразитизм салдарынан хламидиоз созылмалы түрге көшіп, бедеулік сияқты асқынуларға әкеп соқтыруы мүмкін.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 58-59

ЛАБОРАТОРНАЯ ДИАГНОСТИКА ХЛАМИДИЙНОЙ ИНФЕКЦИИ
Автор (лар): Аукенов Н.Е.
Автором был улучшен микроскопический метод диагностики урогенитального хламидиоза, путем добавления 2% ДМСО, позволивший увеличить чувствительность метода до 30%.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 57-58

ЖЫНЫСТЫҚ ҰШЫҚТЫҢ ЕМІНДЕ РОНКОЛЕЙКИНДІ ҚОЛДАНУ
Автор (лар): Маусунбаев К.С.
Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар арасында жыныстық аймақтағы ұшық жиі кездесетін аурудың бірі. Мақалада иммуностимулятор Ронколейкинді жыныстық ұшықта қолдану тәжірибесінің нәтижелері көрсетілген.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 55-57

ПОЛИМЕРАЗНАЯ ЦЕПНАЯ РЕАКЦИЯ В ДИАГНОСТИКЕ ВИРУСНЫХ УРОГЕНИТАЛЬНЫХ ИНФЕКЦИЙ
Көрсетілген ПЦР арқылы тексеру нәтижелері адамның папиллома вирусының 16/18 түрін зерттелген аурулардың 10% -де анықталатынын дәлелдейді. Авторлардың пікірі бойынша ПЦР анализы ПВИ диагностикалауда скрининг ретінде пайдалану қажет, өйткені оның көмегімен қысқа мерзімде адамдардың үлкен топтағы тексеру нәтижелерін алуға болады. Дей тұрғанмен, көп жағдайда ВПЧ ДНК-сын зерттеу нәтижелері инфекцияның бар екенін көрсетеді, ал жатыр мойын қатерлі ісігі болуының болжамын жасай алмайды.

Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 53-55

КЛИНИЧЕСКАЯ ЭФФЕКТИВНОСТЬ ЛЕЧЕНИЯ ГЕНИТАЛЬНОЙ ГЕРПЕТИЧЕСКОЙ ИНФЕКЦИИ ЭПИГЕНОМ И ВИУСИДОМ
Репродуктивті жастағы әйел адамдар жыныс мүшелерінің ұшық жұқпалар ауруларын зерттеу өзектілігі жоғары әлеуметтік-медициналық маңыздылығымен дәлелденген. Жыныс мүшелер ұшығын емдеудегі әсерлі әдістерін әзірлеу, емделушілердің жыныс мүшелеріндегі қайталанатын ұшығын емдеу проблемасын шешуде маңызды кезең болып табылады. Эпиген мен виусидпен жүргізілген кешенді ем клиникалық ұзақтығы 3 есе арту статистикасын, қайталану кезеңінің ұзақтылығының төмендеуін, ұшық вирусы жұқпасы бар науқастардың екінші иммундық дисфункциясының зертханалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді.
Толығырақ
2012 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 52-53

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ГОСПИТАЛЬДЫҚ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ
Кіріспе. Медициналық ұйымдар көбінесе жаңа (инновациялық) технологиялар үшін бастапқы нүкте болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу, әдетте, қазіргі қолданыстағы практикамен салыстырғанда жаңа технологиялардың құндылығы мен артықшылықтары туралы сенімді және негізделген ақпараттың қажеттілігін туындататындарды ауыстыруға немесе жаңартуға алып келеді.
Мақсаты: Медициналық технологияларды госпитальдық бағалау жүйесін (МТБ) медициналық ұйымдардың практикасына енгізудің және пайдаланудың тиімділігі туралы халықаралық тәжірибені талдау.
Стратегиялық іздені...
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 6 | Беттер: 7-16

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН ЫНТАЛАНДЫРУДАҒЫ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАР. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе: Медициналық қызмет атқаруда, денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды құрама бөлігі - адами қорлармен бірге өндіруші күштер білім, дағдылар және мотивация жауапты болып табылады. Осылай дей тұра, адами қордың дамуы ғылыми білімнің облысы болып табылады, ал адами қаржының капиталына араласуынан бас тарту жылға және тіпті он жылдықтарға деген артқа қалу қаупін төндіреді. Еңбекті ынталандыру және адами қордың менеджменті денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық ресурстардың утилизацияға кетуіне ықпал жасайды. Адами қорлардың тиімді менеджментінің іргетасы, адами каптиладың инвестициясына негізде...
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 6 | Беттер: 17-30

ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЕМГЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ӨМІР САПАСЫ (СТЕНТТЕУ ЖӘНЕ ШУНТТАУ): ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе. Стенттеу және шунттау кеңінен Қазақстан Республикасының клиникалық практикасына енгізілді. Дегенмен, өмір сүру сапасы, денсаулық жағдайы туралы мәселелер ғылыми орталарда әлі де даулы болып келеді.
Жұмыстың мақсаты: ЖИА хирургиялық емге дейін немесе одан кейін науқастардың өмір сүру сапасын және объективті денсаулық жағдайын зерттеуге арналған әдеби көздерді талдау, ЖИА хирургиялық емінен кейін QALY көрсеткіштерін есептеу.
Стратегиялық ізденіс: әдебиетті іздеу кілт сөздерге (жүректің ишемиялық ауруы, стенттеу, аорто-коронарлық шунттау, өмір сүру сапасы, QALY) қол ә...
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 6 | Беттер: 31-38

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДА ҚОЛДАНУ: ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе: Қазақстанда қанайналым жүйесі мен жарақаттану аурулары қайтыс болудың басты себептерінің бірі болып табылады. Геоақпараттық жүйелерді және кеңістіктік талдауды пайдалану жедел-жәрдем станциясының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және денсаулық сақтау саласындағы апаттар санын азайтуға көмектеседі.
Мақсаты: геоақпараттық жүйелерді денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктері үшін қолдану мүмкіндігін анықтау үшін әдеби шолуды жүргізу.
Әдістері: Дәлелді медицина деректер базасында (PubMed, Web of Science, ResearchGate), мамандандырылған іздеу жүйелерінде &#...
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 6 | Беттер: 39-47

БАЛАЛАРДАҒЫ ТУБЕРОЗДЫ СКЛЕРОЗ БАРЫСЫНДАҒЫ ЭПИЛЕПСИЯНЫҢ ЕМІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе Туберозды склероз – орталық жүйке-жүйесінің, терінің және ішкі ағзаларда қатерсіз ісіктердің дамуымен жүретін, аутосомды-доминантты тұқым қуалайтын генетикалық ауру. 96 % жағдайда науқастардың өмірінің алғашқы айларында эпилепсиямен көрінеді. Туберозды склероздың жиілігі, эпилепсия ағымының ауырлығы, сонымен қатар емдеге резистенттілігі, аталған мәселеге арналған мақалалардың санының аздығы аурудың емін терең зерделеуді қажет етеді және біздің жұмысымыздың өзектілігін арттырады.
Мақсаты: балалардағы туберозды склерозбен қосарланған эпилепсия ем әдістеріне арналған әдебиеттер...
Толығырақ
2018 жыл | Шығарылым: 6 | Беттер: 48-58