Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ФОНДЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУДЕГІ КЕДЕРГІЛЕР

Өзектілігі: Жатыр мойнының қатерлі ісікке шалдығыуының алдын алу шаралары, жұқпалы жыныстық ауруларды және жатыр мойнының түрлі ауруларын алдын ала емдеу болып табылады.Біздің елімізде бұл ауру кеуде ісігінен кейін екінші орында тұрған ауру болып саналады. Қазіргі кезде жатыр мойнының ісігін тудыратын емделмеген өң ауруларының өсу деңгейі байқалады.Осыған байланысты,ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруды қажет ететін мәселе туындайды: жатыр мойнының қауіпті ісігін емдеу жолдарының кедергілері.

Жұмыс мақсаты: Жатыр мойнының ісігін емдеу жолдарын анықтау.

Материалдар мен әдістер: Дизайн - бірмезгілді көлденеңді зерттеу. Кездейсоқ үлгісі (N = бала туу жасындағы 404 әйелдер).

Нәтижелер: Біз төрт жүз төрт әйелдерді анкетадан өткіздік. Олардың орташа жасы 31 жыл болды, қазақтардың пайызы басым болды (45%), респонденттердің көбі неке болды (58,9%). Респонденттердің әлеуметтік мәртебесін айтуынша төмендегідей болды: мемлекеттік қызметшілер (30,9%), қызметкерлер (28%), үй шаруасындағы әйелдер (11,1%), қызмет көрсету саласында жұмыс істейді (6,9%), студенттер (12,1%), жеке кәсіпкерлер (10,9%).

Негізгі кедергілерге дәрігер қабылдауында қаралу кезінде ұялу сезімінінің болуы (75,2%), ЖӨБ дағы кезектер (78,2%), науқастардың жұмысбастығы (60,6%), науқастардың қосымша зерттеулерге үздіксіз жіберілуі (60,4%).

Қорытынды: Біз жатыр мойнының негізгі кедергілерін оқып, анықтадық. Оларға жатады: ұялу сезімі, ЖӨБ дағы кезектер, науқастардың жұмысбастығы және науқастардың қосымша зерттеулерге үздіксіз жіберілуі.

Көрген адамдардың саны: 1821


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Оразгалиева Ж.Е., Семенова Ю.М., Малон К., Даулетьярова М.А., Шалаганова Т.Ж. Жатыр мойнының фондық ауруларын емдеудегі кедергілер / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №1. Б. 122-132.

Авторизируйтесь для отправки комментариев