Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ МЕДИКО-ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНУЫ

Өзектілік. Жүктіліктің өтуіне және аналық нысанды қалыптастыру ана болудың әлеуметтік мағыналығы және әйелдің қоғамдағы орны сияқты әлеуметтік-мәдени факторлар мен болашақ ананың жанұялық тарихына әсерін тигізеді.

Мақсаты: Семей қаласындағы жүкті әйелдердің медико-әлеуметтік портретін құру және әйелдердің әлеуметтік және психологиялық қызмет туралы ақпараттануларын анықтау.

Құралдар және әдістер. Дизайн – бір сәттік көлденең зерттеу. Кездейсоқ таңдау (n = 350 әйел). Анкетадан өткен Семей қаласында ПМСП мекемесінде тіркеуде тұрғандар.354 жүкті әйел.

Нәтижесі. Семей қаласындағы жүкті әйелдердің медико-әлеуметтік портреті біздің зерттеу бойынша келесі бейнеде ұсынылады, басым бөлігі қазақтар (73,2%), некеде тұрғандар (83,9%), жоғары білім алғандар (65,5%), толық отбасы қамтылғандар(61,9%), тұрғын үйі барлары (56,2%), декреттік демалыста еместегілер (51,1%), бірінші рет босанатындар (50,3%), түсік жасамағандар (72,9%), жүктілікті жоспарлағандар (68,9%), темекі тартпайтындар (93,2%), кіріс күнкөріс минимумына тең және жоғары (83,1%)

Әлеуметтік қызметтерге көбінесе тұрмысқа шықпаған, отбасыларынан қаржылай қолдау алмағандар, анамнезінде түсік жасатқандар және табыс көзі төмен деңгейдегілер мен күйеуінің мамандығы төмен әйелдер жиі жүгінеді.

Психологқа көбінесе тұрмысқа шықпаған, жалақысы төмен, тұрақсыз жұмыс істейтін, сонымен қоса күйеуінің де, кіріс деңгейі күнкөріс минимумынан төмен әйелдер жиі жүгінеді.

Сұраудан өткен әйелдердің жарты пайыздан көбі (46,4%) Семей қаласында әлеуметтік және психологиялық қызмет жүйесінің бары туралы ақпарат алды. Жүкті әйелдердің 81,9% ПМСП мекемелерінде әлеуметтік қызметкерлердің және психологтардың бары туралы біледі. Әлеуметтік қызметкердің қабылдауында 24,3% жүкті әйел, психологта – 20,3% жүкті әйел болған.

Қорытынды.Зерттеу нәтижесі ПМСП мекемесіндегі жүкті әйелдерді медико-әлеуметтік бағдарлау бойынша ұсыныстар құру үшін қолданылуы мүмкін.

Көрген адамдардың саны: 1607


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Шалаганова Т.Ж., Семенова Ю.М., Malone K., Оразгалиева Ж.Е., Даулетьярова М.А. Семей қаласындағы жүкті әйелдердің медико-әлеуметтік бейнесі және жүкті әйелдердің әлеуметтік және психологиялық қызметтер туралы ақпараттануы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №1. Б. 133-145.

Авторизируйтесь для отправки комментариев