ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ВАКЦИНА ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛУ ЖӘНЕ СЕНІМІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРІ
Кіріспе. Қазіргі заманда вакцинациялаудан бас тартуы аясында вакцинациялауға сенімі туралы сұрақтардың маңыздылығы арттыруда, және тұрғындардың вакциналау туралы ақпарат көзін алу туралы білімі, әрине, санитарлық-ағарту жұмысына әсер етуі мүмкін.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты ШҚО әйелдерінің вакцинация өткізуге ақпараттануы және сенімін зерттеу.
Зерттеу әдістері. Сауалнама ШҚО және Семей қаласының 3 жасқа дейінгі балалы тұрғындарына арналған. Сауалнама 36 сұрақтар тобынан тұрады: жалпы бөлім – паспорттық, ата-аналардың жасы, ұлты, мамандығы, баланың жасы, негізгі бөлігі - ата-аналардың вакцинация өткізуіне қатынасы, вакцинациялауға келісім беру немесе бас тарту себептері, соңғы бөлігі – вакцинациялауды ұйымдастыру сапасы және қанағаттануы бойынша сұрақтары. Сапалы деректерді сипаттау үшін жиілі мен проценттер пайдаланылды. Жиіліктердің арасындағы айырмашылықтардың маңыздылығы туралы гипотезаны тексеру үшін Пирсон хи-квадрат (χ2) пайдаланылған.
Нәтижелер. Бул зерттеу балалардың ата-аналардың арасында 38,2% вакцинация туралы ақпаратты медициналық ұйымдардың дәрігерлерден, және 18,6% - ғаламтордан алды. Балалардың ата-аналарының арасында 68,1%, р=0,037 медициналық ұйымдардың дәрігерлерге сенімді, ал вакцинадан бас тартқан балалардың ата-аналар арасында 12% ғаламтордан алынған ақпаратқа сенімді.
Қорытынды. Біздің зерттеуде вакцинациялау туралы негізгі ақпарат көздерін медициналық ұйымдардың дәрігерлерден, ғаламтордан және бұқаралық ақпарат құралдарынан алатынын көрсетті.