Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰСЫНЫМДАРЫН ҚОЛДАНЫП ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІ ШЕҢБЕРІНДЕ 2012-2016 жж. БІРЫҢҒАЙ ДИСТРИБЬЮТОР АРҚЫЛЫ САТЫП АЛЫНҒАН АНТИБИОТИКТЕРДІ ТҰТЫНУЫН БАҒАЛАУ

Кіріспе. Антибиотиктерді ұтымды пайдаланудың негізгі принципі олардың тұтынуын сапалы және негізделген бағалауы болып табылады. Осы жұмыста тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде 2012 – 2016 жылдары Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынған дәрілік заттар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Фармация Комитеті (КР ҚР ДСМ) ұсынған деректер қолданылды.

Мақсаты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ATC/DDD әдіснамасын қолданып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынған J01-жүйелі пайдалануға арланған бактерияға қарсы препараттар бөліміне жататын жүйелі пайданалуға арланған бактерияға қарсы препараттардың тұтынуын бағалау.

Зерттеу әдістері. Мақалада ATC/DDD – әдістемесін қолданып, бактерияға қарсы жүйелік әсерлі препараттарды тұтынуын есептеудің әдістемелік тәсілдері ұсынылған.

Нәтижелер. 2012 жылдан 2016 жылға дейінгі зерттеліп отырған кезең бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде сатып алынған парентеральды жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттардың тұтынуы шамамен 30%-ға азайған. Ал ауызша енгізу жолдары арқылы пайдаланатын бактерияға қарсы препараттардың тұтынуы өзгеріссіз қалды.

Қорытынды. Талдау нәтижелері тұтастай алғанда тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде сатып алынған жүйелі пайданалуға арланған бактерияға қарсы препараттардың тұтынуы азайғанның оң үрдісін көрсетті.

Көрген адамдардың саны: 1371


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Жусупова Г.К., Жалдыбаева С.С., Утепова Д.Б., Жаменкенова А.А. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын қолданып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 2012-2016 жж. Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынған антибиотиктерді тұтынуын бағалау / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №2. Б. 34-47.

Авторизируйтесь для отправки комментариев