МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ СУИЦИДАЛЬДІ ҚАУПІН БАҒАЛАУ (ПАНЕЛЬДІ ЗЕРТТЕУ)
Кіріспе: Қазахстан өз-өзіне қол жұмсау мәселесі жөнінен жоғары пайыз құрайтын мемлекеттер қатарында тұр. Қазірге таңда ең маңызды мәселе болып жастар суициді болып табылады. Суицидальді тәртіптің қауіп факторына психологиялық стресстерге ұшырау жатады ,әсіресе жаңа академиялық жағдайларға бейімделуімен байланысты.
Зерттеу мақсаты: Медициналық университеттің 1 курс студенттерінің оқу үрдісіне бейімделу кезеңіндегі суицидальді қауіпті динамикалық бағалау.
Зерттеу әдістері: медициналық университеттің 3 факультетінде оқитын 553 студентінің суицидальді қауіпіне екітолқынды панельді баға берілді, әсіресе жоғарғы қауіпке. Психометриялық инструмент ретіне Пейкельдің суицидальді шкаласы алынды. Суицидальді қауіптің динамикасы 9 ай шамасын қамтыды (оқу жылының басы мен аяғында). Түсіндірмелі әдістер қолданылды (орташа және стандартты ауытқушылық есептелді, бөлігін және 95% сенімді интервалды) және салыстырмалы статистика (Мак-Немар әдісіжұпты іріктеуге және Пирсонның хи-квадрат критериі, Фишердың нақты критериі, жұпсыз іріктеуге Манна-Уитни критериі). Статистикалық деректерді өңдеу IBM SPSS 20 бағдарламасы арқылы жүргізілді.
Нәтижелер: студенттерде суицидальді қауіптің едәуір төмендегенін байқауға болады 47 (8,5%) және 20 (3,6%), яғни (р<0,001). Сонымен қатар, студенттердің жоғарғы суицидальді қауіп көрсеткіші зерттеліп отырған іріктеу тобы статистикалық маңызды динамика көрсеткен жоқ 14 (2,5%) және 8 (1,4%), яғни (р=0,25). Алғашқы бағалау кезінде суицидальді қауіп көбінесе кыздарға тән болса (р=0,015), алайда динамикада жыныстар арасындағы айырмашылық жойылды (р=0,49).
Қорытынды: 20 (3,6%) студенттерде сақталып тұрған суицидальді қауіп, арнайы превентивті шараларды дайындап, енгізуді қажет етеді, психотерапевтік технологияларды қолданып, суицидальді қауіппен байланысты факторларды анықтап студенттердің психикалық адаптация деңгейіне детальді диагностика жасауды талап етеді.