ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ТҮЙІНДІ ТҮРЛЕРІН ЕМДЕУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЕМНІҢ ӘСЕРІ
Кіріспе. Қалқанша бездің қатерсіз түзілістерін азинвазивті емдеу әдісі бойынша медициналық әдебиеттерге шолу жасауда онда қалқанша бездің солидті түйіндерін және кистозды түйіндерін емдеу кезінде эндокринолог және хирург дәрігерлерінің арасында консенсустың жоқтығын көрсетті.
Зерттеудің мақсаты: Қалқанша бездің (ҚБ) қатерсіз түзілісі бар науқастарға тері арқылы этанолды инъекциялық терапияны (СКТ) қолдану болып табылды.
Зерттеу әдістерімен материалдары: Бізбен осы науқастарға проспективті когротты зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезеңі әр зерттеуге қатысушыға орташа 10±1,2 жылды құрайды. Жұмыс басталуы 1993 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың шілде айы аралығында жүргізілді, ҚБ жаңа түзілісімен 974 науқас емделді. Жалпы зерттеуден өткен науқастар саны 467.
Тоқтаусыз өзгерістердің орталық тенденциясы, қалыпты таралымдарға сәйкес орташа көрсеткіштері ± стандарты ауытқу ретінде көрсетіледі. Категориялық мәліметтер абсолютты және салыстырмалы сандармен белгіленген. Сапалық мәліметтерді алу үшін топтағы айырмашылық хи-квадрат (X2) критериімен есептелді, ал P-бағалауы <0,05 есептелді. Статистикалық талдау SPSS 20 бағдарламасымен өңделді, Windows (IBM Ireland Limited Распределение продуктов, Ирландия).
Нәтижелері: Барлық науқастарда түзіліс мөлшерінің ауқымды түрде кішірейгені байқалды, токсикалық аденома бойынша түзіліс мөлшері 5,1 мл ге дейін төмендесе, кистасы бар науқастарда ол 0,2 мл-ді құрады, ал аденомасы бар науқастарда түзілістің кішіреюі 2,2см3 дейін болса, ал коллоидты түйінді жемсауда түзілістің кішіреюі 1,0 см3-ді көрсетті.
Қорытынды: этанолмен терілік инъекция қатты және кистозды түйіндерге эффективті емдеу әдісі болып табылады, бірақ этонол склеротерапия қалқанша бездің кистозды түйініне көбірек тиімді әдіс болып табылады. Өмір сапасы СКТ-дан кейін асқыну болмағандықтан, атап айтсақ гормональды өзгерістермен жарақаттар болмауына байланысты көбірек жақсарған, осы әдістен кейін ұзақ уақытқа өмір сапасы жақсарды,өршу болмайды, бұл әдіс қатерсіз қалқанша безінің кистасын емдеу стандартына ұсынуға болады.