12-18 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ЖАС-ӨСПІРІМДЕРІНІҢ ОСТЕОДЕНСИТОМЕТРЛІК ӨЛШЕМДЕРІ
Кіріспе. Соңғы онжылдықта жүргізілген, эпидемиологиялық зерттеулер ересек науқастарда кездесетін OП мәселесі балалық шақтан бастау алатынын сенімді көрсетті. Жалпы сүйек қалыптасуы өмірдің ең алғашқы жылдарында қалыптасатыны, олардың салмағының (минералды тығыздығы) максималды шегіне 18-20 жасында жететіні белгілі. Преморбидті жағдайлар немесе созылмалы аурулар болып табылатын әсерлерден балаларда сүйек түзілу үрдістерінің бұзылысына, балалық шақтағы сүйек беріктігінің төмендеуіне, болашақта сүйек сынықтары мен остеопороздың даму қаупіне әкеледі. Сүйек салмағының шыңы жеткіліксіз жинақталуы, OП үшін негізгі қауіпті факторларының бірі болып табылады, себебі сол жастық кезеңдегі түзілген сүйек негізі кейіннен жоғала бастайды. Осыған байланысты, балалардың сүйек салмағының қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу, қазіргі заманғы медицинаның өзекті бағыты болып табылады.
Зерттеу мақсаты: 12-18 жас аралығындағы дені сау балалардың өкше сүйегінің остеоденситометрлік көрсеткіштері бойынша жынысына, жасына, дене салмағына, бой ұзындығына байланыс әсерін анықтау.
Зерттеу әдістері мен материалдары: Зерттеу дизайны – көлденең бірмезгілді, сипаттамалық зерттеу. Дені сау балалардың сүйек тіні минералды тығыздығы (СТМТ) жағдайын зерттеу мақсатында өкше сүйегінің остеоденситометриясы - ультрадыбыстық денситометр (SONOST-3000, Оңтүстік Корея) аспабы көмегімен жүргізілді. Зерттеу барысында 396 оқушы тексеруден өткізілді. Зерттеуге қатысушылардың антропометриялық және денситометриялық көрсеткіштері берілді. Материалдарды өңдеу мен статистикалық талдау компьютерлік Statistica 10 бағдарламасы көмегімен, әр түрлі жыныстық топтағы статистикалық айырмашылықты анықтау үшін, сапалық белгілері бойынша тәуелсіз таңдамалар үшін Стьюдент тесті қолданылды. Жеке-жеке жыныстық топтарында көрсеткіштердің арасындағы байланыс жәй сызықтық регрессиялық талдау көмегімен жүргізілді. р-мәнінің 0,05-тен төмен жағдайына сәйкес параметрлер арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді болып табылды.
Қорытынды: Антропометриялық көрсеткіштер бойынша ербалалар ерекшеленсе, керісінше қызбалаларда денситометриялық көрсеткіштер (СТМТ пайыздық шамасы (Z-score%) және ультрадыбыстық толқындардың жазықтолқынды бәсеңдеуі (BUA)) салыстырмалы түрде жоғары болуымен сипатталды. BUA көрсеткішінің жасқа байланысты толқын тәрізді өзгере отрып, көтерілу сызығы ербалаларға тән, ал қызбалаларда төмендеуі байқалды. Регрессиялық талдау барысында, BUA көрсеткіші мен дене салмағы индексі бойынша байланыс жыныс топтары арасында анықталды (R2=0,3; R2=0,26; р<0,005). Алынған нәтижелер қызбалаларда СТМТ төмен екендігін дәлелдейді және жастық-жыныстық жетілу кезеңдеріне сәйкес, әрі қарай тереңірек зерттеуді қажет етеді.