ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПАРАМАГНИТТІ РЕЗОНАНСТЫҢ СПЕКТРОСКОПИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЗЕРТТЕУЛЕР ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЖАСТАРЫ
Кіріспе: Бақылаусыз радиацияның әсерінен сәулеленуге ұшыраған адамдарды сауықтыру үшін біршама уақыт өткеннен кейін (бірнеше күннен бірнеше жылға дейін) жұтылған дозаның мөлшерін анықтау мақсатында кеңінен электрондық парамагнитті резонанстың спектроскопиясы (ЭПР – дозиметрия) әдісі қолданылды. Бұл ретроспективті жеке – дара дозиметрия үшін жоғары әсерлі аспаптық әдіс болып саналады, өйткені адам денесінің белгілі бір бөліктерін өлшеуге мүмкіндік береді. ЭПР сүтқоректі егеуқұйрықтардың сіңірілген сәулеленудің мөлшерін анықтау үшін тіс кіреукесін дозиметрияның электрон-парамагнитті резонанс (ЭПР) әдісі қолданылды [5, 6, 13, 14, 18, 20]. ЭПР тіс кіреукесінде радиацияның әсерінен пайда болған тұрақты бос радикалдардың саның өлшейді.
Мақсаты: Тіс кіреукесін қолдана отырып егеуқұйрықтың жұтылған дозаның мөлшерін өлшеу мүмкіндігін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Эксперименттік зерттеу 38 ақ зертханалық «Wistar» тұқымдас егеуқұйрықтарда жүргізілді. Сүтқоректілер 4 топқа бөлінді: I - 56MnO2, II - MnO2, III - 60Co және IV – бақылау, салмақтары 220 – 330 г. аралығында болды. Алғашқы екі топқа Курчатов қаласынан 70 км қашықтықта орналасқан ИВГ.1М («Байкал») ядролық реакторда бета-сәулелену жүргізілді. ІІІ топтың гамма-сәулеленуі Семей қаласының аймақтық онкологиялық диспансерінде жүргізілді.
Жануарларға декапитация жасалынғаннан кейін биологиялық материалдар Окаяма қаласының Ғылым Университетінің (Жапония) қолданбалы физика бөлімінің зертханасына жіберілді.
Пайдаланылатын жабдық үшін (JEOL JES-FA100) стандартты параметрлерін пайдалану арқылы ЭПР спектрін өлшеу.
Нәтижесі: өлшеу барысында егеуқұйрықтардың тіс кіреукесінің сынамаларында ЭПР сигналы анықталмаған, осыдан кейн осы сияқты зерттеулер үшін тіс кіреукесінің қалыптасу мерзімі жеткіліксіз екені анықталды. Егеуқұйрықтарды іріктеу мұқият және сапалы жүргізген жөн.