Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ӘСЕРІНЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚ ІШЕГІНІҢ МИКРОФЛОРАСЫНЫҢ САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Кіріспе: Ядролық жарылыстар нәтижесінде пайда болған қалдықтық радиобелсендіргішпен сәулелену әсері ядролық сынақтардың және атомдық бомбалаулардың зардаптарын талқылаудың және зерттеудің негізіі болып табылады. Марганец 56 (T1/2=2,58 ч) – ядролық жарылыстар кезінде көтерілген топырақ шаңы бөлшектерінің нейтрондық белсендендірілуінен кейінгі алғашқы сағаттардағы негізгі нейтронды –белсендендірілген бета-сәулелендіргіштердің бірі.

Мақсаты: Егеуқұйрықтарының ішкі және сыртқы сәулеленудің әсерінен кейінгі тоқ ішек микрофлорасының сандық және сапалық құрамын зерттеу. 

Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизаины: экспериментальды. Қойылған мақсатқа жету үшін салмағы 220-230 г болатын, ақ зертханалық «Wistar» тұқымының 39 егеуқұйрықтарына эксперимент жүргізілді. Егеуқұйрықтар 4 топқа бөлінді: 56MnO2, MnO2, 60Co және бақылау. 56Mn тобының 3 егеуқұйрығы ішкі сәулелену деңгейін дозиметриялық зерттеу үшін қолданылды. MnO2 ұнтағын радиобелсенді 56Mn алу үшін нейтронды сәулелену көмегімен белсендендірдік. Егеуқұйрықтар төрт топқа бөлінді: 56MnO2, радиобелсенді емес MnO2, 60Co- γ сәуле (2 Гр, бүкіл денесе), және бақылау тобы. Әсер етуден кейінгі 3, 14 және 60-шы тәулікте микробиологиялық зерттеуге нәжіс сынамалары алынды. Ұнтақ тәрізді MnO2 нейтронды белсендендірілуі ИВГ.1М ядролық реакторда (экспериментальды құрылғы «Байкал-1», Курчатов, Казахстан). Алынған белсендендірілген ұнтақ 56MnO2 пневматикалық жүйемен жануарларға тозаңдандырылды. Егеуқұйрықтардың 3 тобы чех мемлекетінің радиотерапевтикалық құрылғысын «Teragam K–2 unit» (UJP Praha, Praha-Zbraslav, Чехия) қолданумен 2 Грей дозада 60Co  гамма – сәулеленуге ұшырады. Микробиологиялық зерттеу үшін тоқ ішек құрамы алынды. Онда ішек микрофлорасының негізгі өкілдері анықталды: бифидобактериялар, лактобациллалар, эшерихиялар, шартты - патогенді энтеробактериялар. Алынған нәтижелер Манна-Уитни бойынша параметрлік емес статистканы қолданумен талданды (программа SPSS 20) [6]. Бақылау және тәжірибелік топтар арасындағы айырмашылық р<0,05 болған жағдайда статистикалық мәнді деп саналды.

Нәтижелер: Жүргізілген зерттеу сәулеленген 56MnO2-дің сыртқы 60Со сәулеленумен салыстырғанда тоқ ішектің микрофлорасының құрамына айқын әсер көрсететіні анықталды. 56MnO2 –мен сәулеленгеннен кейін 3 тәулікте тоқ ішек микрофлорасының негізгі өкілдерінің бифидо- және лактобактериялардың саны азаяды. Ал шартты – патогенді бактериялар саны жоғарлады. Бұл өзгерістер 60 күнге дейін сақталды. 60Co сыртқы гамма – сәулелену де ішек микрофлорасын өзгертеді, бірақ бұл өзгерістер тұрақсыз болып біртіндеп қалпына келді.

Қорытынды: Ішкі және сыртқы сәулелену ішек микрофлорасының сандық және сапалық өзгерісімен сипатталатын дисбиоздың дамуына әкеледі.

Көрген адамдардың саны: 3463


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Кайрханова Ы.О., Заворохина О.А., Саимова А.Ж., Узбеков Д.Е., Чайжунусова Н.Ж., Степаненко В.Ф., Рахыпбеков Т.К., Хоши М. Ішкі және сыртқы сәулеленудің әсерінен егеуқұйрықтарының тоқ ішегінің микрофлорасының сандық және сапалық құрамы / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №3. Б. 45-58.

Авторизируйтесь для отправки комментариев