Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЭНДОМЕТРИАЛДЫ СТРОМАЛДЫ САРКОМАМЕН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІРШЕҢДІГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ БІРНЕШЕ КЛИНИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Автор (лар): Сухин В.С.

Кіріспе. Эндометриалды стромалды саркома (ЭСС) лейомиосаркома мен жатырдың дифференциалды емес саркомасынан кейінгі үшінші орында; сирек кездесетін эндометриалды ісіктерге жатады және барлық саркомалардың тек қана 15 % құрайды. Жатырдың эндометриалды стромалды саркомасынан 15-25 % науқастар аурудың рецидивінен өледі.  

Зерттеу мақсаты: алғашқы рет диагноздалған жатыр саркомасының клиникалық жағдайлардың серияларын зерттеу, атап айтқанда диагнозды тұрақтандыру сәтінен аурудың шығу жиілігі мен таралуы дәржесі көрсеткіштері,сондай–ақ өміршеңдік көрсеткіштері.

Материалдар мен әдістері: Зерттеу дизайны – 33 пациенттерді емдеудің ретроспективті нәтижелері және 60 ай бапқылау мерзімі кезіндегі рецидивтер мен метастазалардың жиілігі кезіндегі прогрессивті емес өміршеңдік көрсеткіштері бойынша жатырдың эндометриалды стромалды саркомасымен стадиялары IA–IVВ (T1-3NхM0-1) 9 науқастың проспективті мәліметтері зерделенді. Науқастарға оталық араласулар, сәуле терапиясы және/немесе химиотерапия өткізілді.

Зерттеуге гистологиялық дәлелденген барлық алғашқы пациенттер енгізілді.

STATISTICA 6.1 (орысшаланған нұсқа) жалпы тағайындау статистикалық пакеті көмегімен статистикалық өңдеу өткізілді.

Сандық шкалада өлшенетін көрсеткіштер үшін алынған болатын: медиана және орташа мәні  орналасу шаралары ретінде; шашырау шаралары ретінде қарапайым ауытқу және   квартильдер;  таңдау өрісі көрсеткіші ретінде минималды және  максималды мәні.

Айырмашылықтардың статистикалық мәнін U-критерий Манна-Уитни (сыңарлы тәуелсіз жиынтықтар жағдайында), Краскела-Уоллис критерилері (көптеген тәуелсіз жиынтықтар жағдайында), Манна-Уитни U-критерий көмегімен айырмашылықтар мәні тексерілді (сыңарлы  тәуелсіз жиынтықтар жағдайында), Краскела-Уоллис критерилері (көптеген тәуелсіз жиынтықтар жағдайында), орайлас кестелер талдауы.

Нәтижелері: ЭСС I–IV стадиядағы науқастарды аралас және кешенді емдеуден кейінгі аурулардың шығу рецидивтері жиілігі 42,9 ± 7,6 % құрайды; 16,7 ± 5,8 % науқастарда ісіктің локорегионалы рецидивтері  анықталған, алыс  метастазалар –   26,2 ± 6,8 % науқаста. Аурудың кезеңіне байланысты рецидивтер анықталды: I кезең кезінде 22,2 ± 1,0 % жағдайлар, II кезең кезінде – 50,1 ± 1,7%, III кезең кезінде – 66,7 ± 1,7 %, және IV кезең кезінде – 62,5 ± 1,8 %, 60 айға дейін науқастарды бақылау кезінде. Бес жылғы  рецидивті емес өміршеңдік I кезең кезінде - 77,8 ± 1,0%, II кезең кезінде - 50,0 ± 1,7%, III кезең кезінде - 33,3 ± 2,1%, IV кезең кезінде – 0 %.

Қорытындылары: 6 айға дейін прогрессия 80 % пациенттерде II және IV кезең кезіндегі процесте анықталған. Процесс кезеңін ескермегенде, бес жылғы рецидивті емес өміршеңдік 57,1 % құрады.

ЭСС I-II кезеңдердегі науқастарда адъювантты сәуле немесе химио-сәуле терапиясын өткізу  кезінде шығу жиілігі 33,3 және 36,4% құрады, тиісінше, химиотерапия кезінде – 0%.

Көрген адамдардың саны: 1879


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Сухин В.С. Эндометриалды стромалды саркомамен науқастардың өміршеңдігі көрсеткіштеріне бірнеше клиникалық факторлардың әсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №3. Б. 59-73.

Авторизируйтесь для отправки комментариев