ЖҮРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫНА МЕЙІРБИКЕЛІК КҮТІМ ӘСЕРІ
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) кең тарағанына, өлім-жітімнің жоғары деңгейде болуына, өмір сапасының (ӨС) күрт төмендеуіне байланысты қазіргі заманның өте өзекті медикалық әлеуметтік мәселесі болып табылады. Біздің елімізді ЖСЖ бар науқастарды денсаулық сақтау саласында қарап емдеу шаралары халықаралық деңгейге қарағнда төмен, өйткені арнайы дайындығы бар мейірбикелер жұмысы ұйымдастырылмаған.
Зерттеу мақсаты ЖСЖ бар науқастардың ӨС мейірбикелік күтімді жетілдіру арқасында жақсарту болып табылды.
Зерттеу мәліметтері мен әдістері. ЖСЖ бар науқастардың ӨС Минессот сауалнамасы бойынша зерттелді, бұның ішінде ЖСЖ бар науқастардың жағдайы физикалық және психологиялық тараптардан жан-жақты қарастырылған. Бақылау клиникалық зерртеу барысында ӨС көрсеткіштерінің өзгерістері екі топта салыстырылды: 150 науқас үнемі мейірбике бақылауында болып, өмір салты өзгертілуі, тамақтану, физикалық тұрғыдан белсенді болу жайлы толық нұсқаулар алып отырды (негізігі топ), 148 науқас бекітілген дәрігерлік амбулаторияларда дағдылы түрде қаралып жүрді (бақылау тобы). Арасына бір ай салып, ӨС қайталап зерттегенімізде, негізгі топта жалпы орташа балл және жеке бөлек көрсеткіштер (аяқтардың ісінуі, баспалдақпен жоғары көтерілу қиыншылығы, тамақтану шектелуі және диета ұстану қажеттілігі, ентігу, депрессия) бойынша орташа балл статистикалық маңызды дәрежеде өзгерді, ал бақылау тобында науқастардың ӨС айтарлықтай өзгерген жоқ.
Қорытынды. Сонымен, ЖСЖ бар науқастардың өмір сапасы адамның өзін-өзі сезінуі тұрғысынан да, әлеуметтік психологиялық тұрғыдан да едәуір төмендейді. ЖСЖ бар науқастардың күтіміне ерекше көңіл бөлініп, арнайы білім алған мейірбике тарапынан бұларға үнемі бақылау жүргізіліп, қолдау көрсетілсе, ЖСЖ бар науқастардың өмір сапасы анағұрлым жақсаратын болады.