ҚАЗАҚ АДАМДАРДЫҢ ПЛАЗМА МЕТАБОЛОМЫНЫҢ ПРОФИЛІ
Кіріспе: Әртүрлі метаболиттердін вариациясын анықтау әдісін ауру қауіп-қатерін болжау және диагноз қою кезде, молекулярлық патофизиологияны түсіну үшін, қоршаған орта және өмір салтының ықпалын талдаған кезде, сонымен қатар дәрілік препараттарды зерттеу кезде тиімділігін, улылығын, қосымша реакцияларды бағалау үшін қолдануға болады.
Мақсаты: Осы жобада метаболиттік профильдері және биомаркердерді анықтау және сипаттау мақсатында Қазақстан территориясында тұратын ересек адамдар арасындағы метаболиттік айырмашылық бағалау орындалды.
Материалдар мен Әдістер: Зерттеу дизайны: Қазақ адамдарын бір сәтті транс-секционды бақылау. Мақсатты орындау үшін зерттеуге қатысқан 74 қазақ ұлттың өкілдерден қан плазмның метаболомға зертеу жүргізілді.Зерттеу шамадан тыс жоғары сұйық хроматография және масс-спектроскопияның (Ultrahigh Performance Liquid Chromatography-Tandem Mass Spectroscopy (UPLC-MS/MS)) тандемді технологиясы бойынша платформада өткізілді. Тәжірибелік топтар арасында айтарлықтай ерекшеленген биологиялық қосылыстарды анықтау үшін қажетті логарифмдік түрлендірулер және ANOVA дисперстік талдауы, екі таңдаулы Уэлс t-тесті өткізілді.
Нәтижелері: Зерттеу жас және 45 жастан жоғары ересек адамдарда өтетін метаболиттік өзгерістер туралы түсінік алу мақсатында өткізілді. 74 зерттеуге қатысушыларды метаболомдық талдау нәтижесінде аминқышқылдар, пептидтер, нуклеотидтер, көмірсулар, кофакторлар мен дәрумендер, ксенобиотиктер, липидтік және энергиялық алмасу бойынша негізгі метаболизм жолдарының 853 түрлі биохимиялық көрсеткіштері анықталды.
Қорытынды: 45 жастан жоғары адамдар тобында жас адамдар тобымен салыстырғанда бірнеше белгілі метаболиттер мен метаболиттік жолдарда өзгерістер анықталды. Метаболиттік айырмашылықтарға май қышқылдары алмасуымен, стероидогенезбен (стероидты гормондардың биосинтезі), қабыну үрдістері мен оксидативті стресспен байланысты өзгерістер кірді.