ЖАС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ 12-13 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТАМАҚТАНУ ҚАЖЕТТІГІН ЗЕРТТЕУ
Кіріспе. Жасөспірімдерде тамақтану әдебін қалыптастыраотырып жаңа өскелең организмда муына қажетті ережелерді енгізу керек. Әсіресе осы жаста өмір ережелері қалыптаса бастайды.
Мақсаты: жынысы және этностық топ қажатуына байланысты жасөспірімдердің тамақтану әдебін зерттеу.
Әдістері: Семей қаласының 12 орта білімберетін мектептерінде 12 - 13 жас аралығындағы жасөспірімдерді көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезінде тамақтану туралы сауалнама өткізілді. SPSS 20.0 бағдарламасы пакетін қолдана отырып, нәтижелерге статистикалық сараптама жүргізілді.
Нәтижесі: 1519 жасөспірімдерарасында 49,1% (n=745) ұлдар, 50,9% (n=774) қыздар. Майлы тамақты мүлдем жемейтін және шектейтін жасөспірімдер 63,8% (n=941). Жынысы және ұлты бойынша статистикалық маңызды айырмашылық анықталғанжоқ, p=0,775 қазақтар арасында, p=0,878 орыстар арасында. Тұзды тамақ жейтін жасөспірімдер 66,3% (n=976), жынысы мен ұлты бойынша айырмашылық анықталмады (р=0,788). Жеміс - жидек тұтынулары бойынша (р=0,962), ет тағамдары (р=0,458), тәттілер (р=0,121) жыныстық және ұлттық белгі бойынша айырмашылық анықталмады. Дақылдарды тұтынуы бойынша, қыздар арасында ұлт айырмашылығы жағынан айырмашылық анықталды (р=0,003), ұлдар арасында (р=0,976).
Қорытынды: Жасөспірімдердің көбі майлы тағамдарды шектейді немесе қолданбайды. Жасөспірімдер ұлты және жынысына қарамастан көп мөлшерде тұзды тағам қабылдайды 66,3%. Қыздар ұлдарға қарағанда тұзды тағамдарды шектейді. Жасөспірімдердің көбі аптасына мына заттарды қолданады: жеміс - жидектер (99,5%), ет және ет тағамдары (99,3%), сүт өнімдері (98,7%), дәнді-дақылдар (98,4%), тәттілер (98,8%).