56MnO2 РАДИОБЕЛСЕНДІ ҰНТАҒЫМЕН ІШКІ ӘСЕР ЕТУДЕН КЕЙІН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР ӨКПЕСІНДЕГІ АКВАПОРИН 1 МЕН 2 ЭКСПРЕССИЯСЫ
Кіріспе: Радионуклид 56Mn (T1/2 = 2,58 сағ) ядролық жарылыстар кезінде көтерілген топырақ шаңы бөлшектерінің нейтрондық белсендендірілуінен кейінгі алғашқы сағаттардағы негізгі нейтронды –белсендендірілген бета- және гамма сәулелендіргіштердің бірі болып табылады. 56MnO2 шаң тәрізді микробөлшектерімен экспозицияны моделдеу мақсатында атом реакторында Mn тұрақты атомдарының нейтронды белсендендірілуі нәтижесінде алынған 56MnO2 диспергирленген ұнтағымен эксперименталды жануарларға әсер етумен тәжірибелер жүргізілді.
Мақсаты. Диспергирленген 56MnO2 ұнтағының егеуқұйрықтардың өкпедегі гендер экспрессиясына әсерін зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу дизаины: эксперименталды. Қойылған мақсатқа жету үшін салмағы 220-230 г болатын, 10 апталық ақ зертханалық «Wistar» тұқымының 58 егеуқұйрықтарына эксперимент жүргізілді. Егеуқұйрықтар 5 топқа бөлінд: 56MnO2 (0,05 Гр), 56MnO2 (0,11 Гр), MnO2, 60Co және бақылау. Зерттеу 3, 14 және 60 күндері жүргізілді. Статистикалық талдау. Барлық мәндер орташа шама ± стандартты қате (S.E.) түрінде көрсетілген. Экспонирленген және бақылау топтарын салыстыру үшін Стьюденттің t-критерийі қолданылды. Бақылау тобымен салыстырғанда гендер экспрессиясының өзгерісі сенімді болып p <0,01 немесе p <0,05 болған жағдайда статистикалық мәнді деп саналды.
Нәтижелері. Диспергирленген Ішкі сәулелену дозасы 0,05 және 0,11 Гр болатын 56MnO2 ұнтағымен әсер еткеннен кейін AQP1 генінің экспрессиясы алғашқы 3 тәулікте жоғарлады, ал AQP5 генінің экспрессиясы 3, 14 және 60 тәуліктерде де жоғары болды. Ал сыртқы 2 Гр дозадағы 60Co гамма сәулелену бақылау тобымен салыстырғанда бұл гендердің экспрессиясын өзгертпейді. Тек 3-ші тәулікте AQP5 гені экспрессиясы қысқа мерзімге жоғарлады.
Қорытынды. Эксперимент нәтижесі бойынша 56MnO2 микробөлшектерімен әсер ету, тіпті өкпенің аз дозада (0,11 Гр), ішкі сәулеленуі бұл мүшеге біршама биологиялық әсер көрсететіні анықталды. Оған жоғары дозадағы (2 Гр) 60Со гамма сәулеленумен салыстырғанда 56Mn микробөлшектерімен әсер ету тобындағы егеуқұйрықтар өкпесінің AQP5 гендер экспрессиясы деңгейінің ұзақ уақыт бойы өзгеруі дәлел болды.