МАГНИТТІ-РЕЗОНАНСТЫ ТОМОГРАФИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
Магнитті-резонансты томография - тіндер мен мүшелердің суретін электромагнитті толқындардың көмегімен алуға негізделген зерттеу әдісі. Жұмсақтінді құрылымдардың, байлам аппаратының, бас миы мен жұлынның тіндерінің жоғарғы контрасттылығы, сәулелік жүктеменің болмауы магнитті-резонансты томографтың артықшылықтары болып табылады. Магнитті-резонансты томография зерттеуді пациент денесінің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып кез келген жазықтықта жүргізуге, ал керек болған жағдайда - түрлі мүшелер мен тіндердің өзара орналасуын нақты анықтау үшін үшөлшемді суретті алуға мүмкіндік береді. Өткен мыңжылдықтың 90-шы жылдарының аяғынан бастап магнитті-резонансты томография кез келген мамандықтағы дәрігерлер арсеналына толығымен нықтап енді. Осы мақалада магнитті-резонансты томография дамуы мен қазіргі кезеңде әлем бойынша әр түрлі медициналық мекемелерде тұрақты түрде қолданылып отырған магнитті-резонансты томографияның жұмбақ, құпиялықтан рутинді әдіске айналған - диагностикалық әдіс ретіндегі қалыптасуының негізгі кезеңдері айқындалып көрсетілген. Магнитті-резонансты томография ұдайы дамып және жетілдіріліп отырады, жаңа импульсті бірізділік пен шарғы жасалынады, көптеген түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіліп отырады. Аталмыш мақала авторлары бұл жұмыстағы баяндалған ақпараттардың студенттермен қатар тәжірибелік дәрігерлерге де септігін тигізеді деп есептейді.
Библиографиялық сілтемелер
Мадиева М.Р., Раисов Д.Т., Куанышева А.Г., Рахимбеков А.В., Байзакова М.Н., Тусупжанова А.К., Альмисаев К. История и перспективы развития магнитно-резонансной томографии // Наука и Здравоохранение. 2018. 6 (Т.20). С. 169-175.
Madiyeva M.R., Raissov D.T., Kuanysheva A.G., Rakhimbekov A.V., Baizakova M.N., Tussupzhanova A.K., Almisaev K. History and development prospects of magnetic resonance imaging. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018, (Vol.20) 6, pp. 169-175.
Мадиева М.Р., Раисов Д.Т., Куанышева А.Г., Рахимбеков А.В., Байзакова М.Н., Тусупжанова А.К., Альмисаев К. Магнитті-резонансты томографияның даму тарихы мен болашағы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018. 6 (Т.20). Б. 169-175.