Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДА АНТИГИПЕРТЕНЗИВТІК ТЕРАПИЯНЫҢ БЕЙІМДІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

Зерттеу мақсаты – Шығыс Қазақстан тұрғындары популяциясында артериалды гипертензиямен ауыратын науқастардың медикаментозды терапияға бейімділігіне әлеуметтік-экономикалық, клиникалық және фармакоэпидемиологиялық факторлардың әсер ету анализі.

Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны – бірмезеттік көлденең зерттеу. Зерттеуге 25-80 жас аралығындағы артериалды гипертензиямен ауыратын 2346 науқас алынған, соның ішінде 1281 ер адам(54,6%) және 1065 әйел адам (45,4%). Орташа жас 55,2±1,1 жыл.

Артериалды гипертензиямен ауыратын науқастардың медикаментозды терапияға бейімділігі бағаланды. Бейімділіктің дәрежесіне байланысты зерттелгендер 3 топқа бөлінді: «жоқ», «жартылай», «толық». Бейімділікке әсер ету факторлары ретінде: жыныс, жас,экономикалық статус, АҚҚ жоғарылау дәрежесі(шектелген систолиялық АГ вариантын қосқанда), жүрек және қантамыр жүйесі жағынан асқынулардың болуы,қосалқы аурулардың болуы (ЖИА, қантты диабет), медикаментозды терапия варианты.

Зерттеу нәтижелері: Медикаментозды терапияға толық бейімділік 41,1% жағдай, бейімділіктің жоқтығы 26,9% жағдай. Ең төменгі бейімделу жас адамдарда (25-40 жас) – барлық топтағы орташа көрсеткіш айырмасы жоғары( толық бейімделу үшін ер адамдарда р=0,003).

Жоғары бейімділік АГ III дәрежесімен ауыратын науқастарда байқалды, ол АҚҚ жоғарылауы бойынша басқа топтың сәйкес көрсеткіштерінен жоғары болды.ЖИА, ҚД сияқты қосалқы аурулары бар және екеуі де бар науқастарда толық бейімділік ол аурулардың жоқ кездегісінен жиірек байқалды (ЖИА - р<0,001, ҚД - р=0,003). Толық бейімділіктің жоғары көрсеткіші миокард инфарктын басынан өткергендерде анықталды. Анамнезінде АГ асқынулары жоқ науқастармен айырмасы көп (р<0,001). Жоғары бейімділік көрсеткіші жоғары және қанағаттанарлық экономикалық статустағы адамдарда қарапайым адамдарға қарағанда жоғары (р=0,002, р=0,001).

Толық бейімділіктің ең жоғары жиілігі антигипертензивті препараттардың бекітілген комбинациясын қолданғанда байқалды. Ары қарай бета-адреноблокаторлармен, кальций антогонистерімен монотерапия, жеке дәрілік заттардың байланыстары, АИР, ангиотензиндік рецепторлардың блокаторлары тұр. Толық бейімділіктің төмен көрсеткіштері АПФ ингибиторлары, диуретиктер, басқа фармакологиялық топ препараттырнда байқалды.

Бейімділік дамуында медикаментозды терапия вариантының ролі көп дәрежеде III дәрежелі АГ және ИСАГ кезінде көрінеді.

Қорытынды:

Артериялды гипертонияның фармакотерапиясының бейімділігін анықтайтын негізгі факторы қан қысымының жоғарлау дәрежесі болды. Экономикалық фактордың және ілеспелі аурулардың рөлі қалыпты болды.

Бейімділікке ең көп әсерді жүргізілген медикаментозды терапия варианты көрсетті.

Ең жақсы нәтиже препараттардың бекітілген комбинациясын қолдану кезінде байқалды.

Көрген адамдардың саны: 1547


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Мусина А.Е., Тулеутаева Р.Е. Шығыс Қазақстанда артериялық гипертониямен ауыратын науқастарда антигипертензивтік терапияның бейімділігіне әсер ететін факторлар / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №5. Б. 42-54.


Авторизируйтесь для отправки комментариев