Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ЖҮКТІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПЛАЗМАЛЫҚ А - АҚУЫЗЫ (РАРР-А) МӨЛШЕРІНІҢ ҰРЫҚТЫҢ ДАМУ БҰЗЫЛЫСТАРЫНА ӘСЕРІ

Кіріспе: Ұрықтың даму кауіпін болжайтын тәсілдерді іздестіру, заманауи акушерліктің өзекті сұрақтарының бірі болып табылады. Жүктілік кезінде трофобластпен өндірілетін плазмалық А-ақуызы (РАРР-А), ұрықтың хромосомдық мутацияларын анықтау предикторы түрінде кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары жүктіліктің І үшайлығында РАРР-А мөлшерінің төмендеуі және артынын ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуі (ҰЖІДТ) арасындағы байланыс зерттелуде. Қазақстанда РАРР-А-ның белгіленген шекарасында МоМ мөлшері 0,5-2,05-ке тең.

Зерттеу мақсаты: Жүктіліктің І үшайлығында тапсырылатын биохимиялық скринигтегі РАРР-А мөлшері мен ҰЖІДТ дамуының бір бірімен байланысын анықтау.

Әдістері: «Жағдай - бақылау» зерттеуі жүргізілді. Зерттеу барысы Семей қалалық ММУ-нің этикалық комитетімен мақұлданған (№ 4 хаттама, 14.10.2015 ж).

Зерттеуге қосу критериясы: Жүктіліктің І үшайлығында жүргізілген пренатальды скриниг нәтижесі болуы. Негізгі топта ҰЖІДТ синдромымымен аяқталған 72 босану. Тексеру тобында ҰЖІДТ синдромы болмаған 288 босану. Әр бір топтың нәтижесі МоМ РАРР-А мөлшеріне сәйкес бағаланған, ол 0,5-тен төмен немесе 0,5-2,05-ке тең. Нәтижелерді талдау кезінде сипаттама статистикасы қолданылған, онда χ2 Пирсон ұсынған номинальды деректермен мүмкіндік қатынасы саналған.

Нәтижелер: осы зерттеуде ҰЖІДТ синдромымен асқынған жүктіліктердің 43% гипертензивті жағдайлармен, 25% жағдайда плацентарлы бұзылыстармен қатар болған және ұрықтың қауіпті жағдайлары 3,5 рет жиі кездескені айқындалды. ҰЖІДТ синдромы бар топта перинатальдығ өлім жиілігі 11,1%-ды құраған, ал тексеру тобында ол көрсеткіш 0,3%-ға тең. МоМ РАРР-А 0,5-тен төмен болған жағдайда, ҰЖІДТ синдромы дамуы бойынша мүмкіндік қатынасы 5,46 болады; 95% СИ (2,80; 10,68), ол жүкті әйелде МоМ РАРР-А мөлшері 0,5-тен төмен болса, онда қалыпты мөлшердегі жүкті әйелдерге қарағанда 5,46 ретке жоғары екенін білдіреді.

Талқылау: Соңғы жылдары РАРР-А-ның мөлшерінің төмендеуі мен ұрықтың дамуының бұзылыстарының қосарланып кездесуі белсенді зерттелуде. Қазахстанда жүкті әйелдердің 90%-на дейін І ушайлықта тестілеуден өтеді, сондықтан мұнда ҰЖІДТ синдромын болжау қосымша қаражатты қажет етпейді.

Қорытынды: Жүктілік кезінде МоМ РАРР-А мөлшерін анықтау, басқа да тәсілдермен бірге ҰЖІДТ синдромының предикторы ретінде колданылуына болады.

Көрген адамдардың саны: 3112


Мақалалар санаты: Бастапқы зерттеу

Библиографиялық сілтемелер

Кыстаубаева А.С., Танышева Г.А., Шарипова М.Г., Кырыкбаева С.С., Семенова Ю.М., Ион Бологан Жүктілікке байланысты плазмалық А - ақуызы (РАРР-А) мөлшерінің ұрықтың даму бұзылыстарына әсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №5. Б. 55-66.


Авторизируйтесь для отправки комментариев