ЖАНҰЯ ТАРИХЫНДА ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ЖӘНЕ ЖОҚ ПАЦИЕНТТЕРДЕГІ ҮРЕЙЛЕНУ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН САЛЫСТЫРУ
Кіріспе. Үрейлену бұзылыстары немесе кішігірім пароксизмалды мазасыздану созылмалы ағымды болып келетін болғандықтан ол жиі басқа психикалық бұзылыстармен қатар жүретіні белгілі. Сондықтан осы зерттеу үрейлену бұзылыстары себептерін, емін, алдын-алу шараларын түсіндіруге арналған.
Мақсаты: Бұл зерттеудің мақсаттарының бірі үрейлену бұзылыстары бар науқастардың тустарында психикалық бұзылыстарға байланысты диагнозы бар жоқтығын анықтау (үрейлену бұзылыстарын қоса есептегенде). Зерттеудің тағы бір мақсаты үрейлену бұзылыстары бар науқастарда үрейлену шабуылының алғашқы пайда болу жасын және басталған кездегі белгілер санын зерттеу арқылы жанұя тарихында психикалық бұзылыстардың (үрейлену бұзылыстарын қоса есептегенде) әсерін зерттеу.
Материалдар және әдістері: Дизайн: зерттеудің көлденең әдісі. Зерттеу субъектісі болып Варакукай корпорациясының Медициналық институтының психикалық клиникасында бақылауда болған үрейлі бұзылыстары бар науқастар алынды (n = 149). Барлық науқастар «Психикалық бұзылыстар бойынша диагностикалық және статистикалық нұсқаулықтың» (DSM-IV-TR) төртінші қаралым, басылымы негізіне сәйкес өткізілген Кіші Халықаралық Нейропсихиатриялық сұхбат аясында барлық науқастар үрейлік бұзылыстар диагнозының критериіне сай болды. Осы зерттеуде статистикалық анализ біржақты көп үзілісті дисперстік анализді қолдану арқылы жүргізілді.
Нәтижесі: Үрейлі бұзылыстары науқастанған жақын туысқаны бар науқастарда осы патологиялық бұзылыстар ерте басталатыны байқалады. (орташа айырмасы: 6,64, <0,05). Бірақ нәтиже көрсеткіші бойынша жанұя тарихында психикалық бұзылыстарының болуы үрейлік бұзылыстардан ерекшеленеді, жас ерекшелігіне, басталуына әсер етпейді. (орташа айырмасы: 0,11,> 0,05). Сонымен қатар үрейлік бұзылыстары бар науқастарда сондай бұзылыстары бар туысқандары болатын болса, алғашқы үрейлік шабуыл кезінде белгілері көп болады. (орташа айырмасы: - 1,90, <0,05), бірақ нәтиже көрсеткіші бойынша жанұя тарихында психикалық бұзылыстар, үрейлену бұзылыстарынан басқа белгілер санына әсер етпейді (орташа айырмасы: - 0,84,> 0,05).
Қорытынды: Бұл нәтиже үрейлену бұзылыстары бар пациенттерді емдеуге көмегін тигізеді. Өкінішке орай бұл зерттеуде кейбір шектеулер қойылды. Сондықтан біз болашақта зерттелетін науқастар санын көбейтіп, қосымша есептер дайындаймыз.
Библиографиялық сілтемелер
Кен Иное, Хисанобу Кайя, Наоми Хара, Южи Оказаки Жанұя тарихында психикалық бұзылыстары бар және жоқ пациенттердегі үрейлену бұзылыстарының клиникалық ерекшеліктерін салыстыру / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №5. Б. 67-75.