Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
ИНТЕГРИРЛЕНГЕН КЛИНИКАЛЫҚ СИМПОЗИУМ - ӘДІСІМЕН ТЕРАПИЯНЫ ОҚЫТУ
Енгізу. Білім берудің, ғылымның және клиниканың ең үздік әлемдік тәжірибесін біріктіру арқылы жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, біздің университет стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мақсаты: Оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу үшін, фундаменталды және клиникалық ғылымдар арасындағы өзара байланыс негізінде, білім алушылардың компетенциясын жақсарту. Материалдар және әдісі. Факультеттік терапия кафедрасында бір клиникалық жағдайды шешуде, аралас кафедралардың мамандарымен біріге отырып, пәнаралық интеграция принциптерінде құрылған интеграцияланған клиникалық симпозиумды (АКЖ) енгізу тәжірибесі. АКЖ жүргізу алгоритмі ұсынылды. Нәтижесі. Студенттер арасында жүргізілген кері байланысты талдау нәтижелері 100%, ішкі ауруларды оқуда аталған технология: білім мен түсініктерді, ғылыми зерттеулер дағдысын, критикалық және клиникалық ойлауды дамытуға септігін тигізгенін белгіледі, 90% - командада жұмыс істеу нәтижесінде дағдылары мен коммуникативті дағдылар жақсартылатынына жауап берді. Тұжырымы: білім беру бағдарламаларын ықпалдастыру, базалық және клиникалық пәндерді зерттеуде интеграцияланған көзқарас, қазіргі уақытта медициналық білім беруді дамытудың және медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің негізгі құзыреттілігін тиімді қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 458

Түйенді сөздер:

Мақалалар санаты: Медицина білімберу

Библиографиялық сілтемелер

Каскабаева А.Ш., Жумадилова З.К., Муздубаева Ж.Е., Ботабаева А.С. Интегрирленген клиникалық симпозиум - әдісімен терапияны оқыту // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 6 (Т.21). Б. 63-66.

Авторизируйтесь для отправки комментариев