ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БЕДЕРЛЕРІ ҮШІН С- СИЛИКОНДЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУМЕН ТОЛЫҚ АЛМАЛЫ –САЛМАЛЫ ПРОТЕЗДЕРМЕН ТІССІЗ ЖАҚТАРМЕН ПАЦИЕНТТЕРДІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ЕМДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІН КЛИНИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
Кіріспе. Тіссіз жақтарды протездеу көптеген жылдары бойы ортопедиялық стоматологияның ең күрделі тарауларының бірі болып табылады. Толық алмалы –салмалы протездердің қызметіне қатысты толыққанды жасауда күрделілік болады, оларды жақтарда бекітуге, шайнау кезіндегі тұрақтану және тиісті тіндерге қысымды біркелкі бөлуге тура байланысты болады.
Мақсаты қызметті бедерлер үшін әдістелген материалдарды пайдаланумен жасалған толық алмалы -салмалы пластинкалы протездердің тиімділігін салыстырмалы клиникалық бағалау өткізу.
Әдістері. Жаңа силиконды материалды клиникалық кезеңдерде қолдану кезінде альвеолярлы өскіннің атрофиясы дәрежесімен протездік арнаның сілемейлі қабықшаларының әртүрлі жағдайларымен тіссіз жақтармен 50-75 жасқа дейінгі екі жыныстағы 48 пациентке толық алмалы -салмалы пластинкалы протездерді ортопедиялық емдеу тексерілді және өткізілді.
Қызметтік бедерді алу кезеңін өткізу үшін бақылау тобында StomaflexPasta (SpofaDental, Чехия) анатомиялық бедерлер үшін силиконды материал және негізгі топта «Стомасил» және «Стомасил-Д» қызметтік бедерлер үшін әдістелген жаңа материалдар қолданылды.толық алмалы –салмалы протездер жалпы қабылданған әдістеме бойынша жасалды.
Нәтижелері. Байқаудың барлық мерзімдерінде шайнаудың тиімділігінің орташа көрсеткіштерін салыстыра отырып, А тобына қарағанда В тобындағы шайнау қызметінің біршама жақсарғанын байқаймыз: кіші топ А1 - 18,84%,кіші топ В1- 25,06%, кіші топ А2– 19,34%,кіші топ В2– 21,73%.
Сонымен, негізгі топтағы протездерді қойғаннан кейінгі бірінші айда шайнаудың уақытша көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырғанда нақты төмендейді. Бұдан әрі шайнаудың уақытша көрсеткіштері пациенттерді зерттеу кезінде өзгермей-ақ қалады және барлық кіші топтарда тұрақтылықты жинайды.
Қорытындылар. Қызметтік бедерлер үшін С-силиконды материалдарды қолданумен толық алмалы –салмалы протездермен тіссіз жақтармен пациенттерді ортопедиялық емдеудің тиімділігін салыстырмалы клиникалық бағалау өткізу қызметтік бедерлер үшін бізбен әдістелген бедерлік материалдарды пайдаланумен жасалған протездер шайнау қызметін сапалы қалпына келтіретінін дәлелдеуге мүмкіндік берді, ал протездеге бейімделу бақылау топтарына қарағанда тезірек жүреді, ол бірінші күні, 1 аптадан кейін, 1 айдан кейін және 3 айдан кейін шайнау индексінің орташа көрсеткіштерін салыстырғанда жақсы көрінді, сондай-ақ А тобына қарағанда В тобындағы шайнау қызметінің біршама жақсарғанын байқаймыз. Сонымен, қызметтік бедерлер үшін мақсатты материалды пайдалану тіссіз жақтарды протездеудің сапасын жақсартуға көмек көрсетті.