Online ISSN: 3007-0244,
Print ISSN:  2410-4280
Фильтр
Автор(ы):
  
ҚАННЫҢ ИММУНОГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ҮШІН ГЕЛДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Автор (лар): Искакова О.А.
Мақала қанды иммуногематологиялық зерттеу үшін қолданылатын гелдік технология, гелдік сынақтама туралы мәліметтерді және сәйкестендіру карталарының сипаттамасын ұсынады. Мұнда гелдік технологияның клиникалық маңыздылығы мен артықшылықтары, сонымен қатар бірқатар зерттеулердің нәтижелері қарастырылған. Аталмыш жұмыс трансфузиология, трансплантология, гематология, иммуногология салаларында иммуногематологиялық зерттеулермен айналысатын мамандарға арналады.
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 47-50

GEL TECHNOLOGIES FOR THE IMMUNE HEMATOLOGICAL BLOOD TESTING
Автор (лар): Искакова О.А.
The article elaborates on use of gel technologies at immunohematology blood studies, principles of gel tests, and characteristics of identification cards. Next, the article continues with describing clinical importance and advantages of gel technology, as well as presents a number of research results. This is a recommended reading for specialists practicing immunohematology studies in transfusiology, transplantology, hematology and immunology.
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 47-50

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖАСӨСПЕРІМДЕРДЕГІ ТУБЕРКУЛЕЗ
Туберкулезді емдеуге қолданылатын дәрілерге сезімталдығы сақталған аурулармен салыстырғанда, туберкулезді емдеуге қолданылатын дәрілерге төзімділігі бар ауруларда емдеу нәтижесінде өкпедегі тесіктері жай жабылды және қақырықтары туберкулез қоздырғышынан кешігіп тазарды. Туберкулезді емдейтін дәрілерге төзімділігі бар науқастармен бірге тұратын балалар мен жасөсперімдердегі, дәрілерге төзімділік науқастың дәрілерге төзімділігімен сәйкес келеді, сондықтан туберкулез ошағында тұратын балалар мен жасөсперімдерге химиопрофилактиканы науқастың сезімталдығы сақталған дәрілермен жүргізу керек.
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 45-46

TUBERCULOSIS BESIDE FOR CHILDREN AND TEENAGER IN MODERN CONDITION
Thereby, beside sick medicinal - an resistant by tuberculosis reparativnie processes in pulmonary fabrics and neqativaqia phegms approached at more late periods, than beside sick, beside which medicinal sensitivity MBT to antibacterials drugs were preserved.
Medicinal sensitivity MBT and teenager, sick tuberculosis, basically complies with medicinal sensitivity MBT source of the contamination. In this connection chemoprophylaxis for children from centre and contact with medicinal - a firm tuberculosis necessary to conduct with provision for medicinal sensitivity MBT source of the contam...
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 45-46

СУДЫҢ ҚАСИЕТІН СИПАТТАЙТЫН ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ
«Водный», «Шығыс» кенттерінің жер асты суларының құрамы" ғылыми жобасының мақсаты Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Водный», «Шығыс» кенттерінің жер асты суларының құрамын анықтау. Алдағы қойған міндеттері: зерттеу нысандарын анықтау; зерттеу әдістерімен танысу; зерттелетін судың қасиетін сипаттайтын органолептикалық көрсеткіштерін анықтау және судың химиялық құрамын анықтау
Толығырақ
2013 жыл | Шығарылым: 1 | Беттер: 66-68

SPSS СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ПАКЕТІН ПАЙДАЛАНУМЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ КӨПШІЛІК СЫЗЫҚТЫҚ РЕГРЕССИВТІК ТАЛДАУДЫ ҚОЛДАНУ
Осы мақалада SPSS қолданбалы статистикалық бағдарламаларды пайдалану кезіндегі бірнеше тәуелсіздер негізінде бір тәуелді сандық ауыспалының мәнін болжау үшін көпшілік сызықтық регрессивтік талдауды өткізудің теориялық негіздері берілген, тәжірибелік мысалда алынған ақпаратты интерпретациялары принциптері көрсетілген, сол сияқты осы әдісті қолдану кезінде шыққан негізгі мәселелер анықталды және оларды шешудің нұсқалары ұсынылған.
Толығырақ
2017 жыл | Шығарылым: 3 | Беттер: 5-31

ЖЕДЕЛ ОРХОЭПИДИДИМИТ: ЭТИОЛОГИЯ, ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМІНІҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Автор (лар): Аккалиев М.Н.
Кіріспе. Урологиялық бағытта ұма ағзалары жедел қабыну ауруларының арасындағы кең таралғаны және барлық урологиялық науқастардың 4–5%-да госпитализацияға көрсеткіш болып табылады. Жедел орхоэпидидимиттің уақытылы емес және дұрыс емес емі ағзалардың іріңдеуіне әкеліп, репродуктивті мүшені жоғалту және процесстің созылмалы өтуіне әкеледі.

Зерттеу мақсаты: Казақстанда, алыс және жақын Шет елдерде жедел орхоэпидидимиттің ауру сипатының әдеби талдауы, этиологиялық аспектілері, диагностикасы және емдеу әдістері қарастырылған.

Зерттеу әдістері мен материалдары: Қойылған ...
Толығырақ
2017 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 159-175

АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ КЕЗІНДЕ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ҚАУПІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДИСЛИПИДЕМИЯНЫҢ, ДЕНЕНІҢ АРТЫҚ САЛМАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ СИПАТЫНЫҢ РӨЛІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кіріспе: Дамыған және дамымаған мемлекеттерде халықтың жиі кездесетін өлім себептеріне жүрек – қан тамыр аурулары, соның ішінде артериялық гипертензия жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың тәжірибесі көрсеткендей, жүрек – қан тамыр ауруларын алдын – алу өлім деңгейін көрнекті түрде азайтты. Алдын – алу ең алдымен қауіп факторларына, соның ішінде артық салмақ, абдоминалды семіру, шылым шегу,  салауатты емес тамақтану және жеткіліксіз физикалық белсенділікке әсер ету арқылы жүргізіледі.

Мақсаты: жүрек-қан тамыр аурулар кезінде жүрек – қан тамыр қаупін қалыптастыруда дис...
Толығырақ
2017 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 144-158

АЯҚТЫҢ ВАРИКОЗДЫ АУРУЫНЫҢ ЗАМАНАУИ КЕЗЕҢДЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Аяқтың варикозды ауруының емдеу көзқарастарды зерттеу операцияның дереу жəне ұзақ мерзімді нəтижелерді бағалау, сондай-ақ асқынулардың немесе аурудың қайталануының ықтималдығын болжау жəне емдеуді даралап, ауруды алдын алу үшін өте маңызды міндетболыптабылады. Қазіргі уақытта дəстүрлі флебэктомия жəне хирургиялық процедуралардың озық кішіинвазивті түрлері (эндовенозді термальді аблация, ультрадыбыспен бақыланатын склеротерапия, т.б.) сияқты аяқтарының варикозды емдеу əдістеріне арналған зерттеулер туралы деректер əдебиетте көп болғанына қарамастан, авторлардың осы науқастардың емдеу ж...
Толығырақ
2017 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 128-143

«ШАҒЫН ДОЗАДАҒЫ» ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕНУДІҢ ӘСЕРIН БАҒАЛАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Кіріспе. Мақалада «шағын дозадағы» иондаушы сәулеленудің әсері туралы әдебиеттік ақпараттары келтірілген. Қазіргі заманғы ғылыми жарияланымдардың талдау негізінде осы мәселе аяғына дейін анықталмағаны анық.

Мақсаты: тірі организмге және қоршаған ортаға «шағын дозадағы» иондаушы сәулеленудің әсері туралы ғылыми ақпараттарды сараптау.

Материалдар мен әдістер: қойылған мақсатқа жету үшін іздестіру келесі деркқорларында жүргізілді: PubMed, Elsevier, ResearchGate, Cyberleninka және Руспубликалық ғылыми-техникалық кітапханасында. Таңдау келесі түйінді сөздер негізінде жүргі...
Толығырақ
2017 жыл | Шығарылым: 2 | Беттер: 115-127